бөлшек сатып алушыларға
+7 777 417 39 18
+7 777 417 39 18
көтерме сатып алушыларға
+7 777 417 39 18
+7 777 417 39 18
бөлшек сатып алушыларға
+7 777 417 39 18
+7 777 417 39 18
көтерме сатып алушыларға
+7 777 417 39 18
+7 777 417 39 18

Тауарды айырбастау және қайтару

Кепілдік жағдайы туындаса, кері байланыс нысанын толтыруыңызды сұраймыз. Нысанды онлайн толтыру мүмкіндігіңіз болмаса, мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 777 417 39 18.

Оператор телефон арқылы өтінімдерді дүйсенбі–бейсенбі күндері 8:30-дан 17:30-ға дейін, жұма күні 8:30-дан 17:00-ге дейін қабылдайды.

Өтінім беру

Даулы жағдайларды болдырмау үшін осы бөліммен танысуды ұсынамыз. Мұнда ұйымымыз сататын тауарларға қатысты сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі қағидалары берілген. Бұл қағидалардың барлығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген және сатушылар үшін де, сатып алушылар үшін де міндетті.

Сондай-ақ дүкенімізде сатылатын барлық тауарлар Қазақстан Республикасына ресми түрде импортталғанын және барлық қажетті құжаттары, соның ішінде ұлттық үлгідегі Сәйкестік сертификаттары мен Мемлекеттік гигиеналық тіркеу туралы куәліктері (мұндай құжаттар талап етілетін тауар топтары үшін) бар екенін ескертеміз.

 

 

 

Тауарды қайтаруды (ауыстыруды) реттейтін заңнамалық актілерден үзінділер

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 14-бабына сәйкес 14 күн ішінде тауарды барлық өлшемшарттары бойынша сәйкес келетін ұқсас тауарға айырбастай аласыз. Мұндай тауар болмаған жағдайда, тұтынушы тауарды қайтарып, төлеген сомасын кері ала алады.

Сапасы тиісті емес тауар.  Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, егер сатушы кемшіліктерін алдын ала айтпаған болса, сапасы тиісті емес тауар сатылған тұтынушы өз таңдауы бойынша мыналарды талап етуге құқылы:

      1) сатып алу бағасын мөлшерлес азайтуды;

      2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды

      3) тауардың кемшіліктерін жоюға жұмсаған шығындарын өтеуді;

      4) ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;

      5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;

      6) шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды.

 

Сатып алушы азық-түлік емес тауарды қайтаруға құқылы , егер оның түсі, өлшемдері, жинақтамасы немесе пішімі сәйкес келмесе. Тауарды (сапалы немесе сапасыз болуына қарамастан) сатушыға қайтару үшін оны дәл осы сатушыдан сатып алғанын дәлелдеу қажет. Ол үшін:

  • сатып алынған өнімнің тауарлық түрі, барлық пломбалары мен заттаңбалары сақталуға тиіс;
  • сіз оны пайдаланбаған болуыңыз керек;
  • сатып алу фактісін растайтын құжаттар (тауарлық немесе фискалдық чек, тауарды сатып алу кезінде жасалған шарт) сақталуға тиіс.

Сапасы тиісті тауарды қайтару үшін сатып алушы сатып алған жеріне сатып алған сәттен бастап 14 күн ішінде жүгінуі керек.

Сатушының міндеті — тауарды тұтынушыға сәйкес келетін тауарға (мысалы, жинақтамасы немесе габариттері басқа тауарға) ауыстыру. Бағасы өзгеше болса, сатушы қайта есептейді. Ал сәйкес тауар қолда болмаса, сатып алушы төлеген сомасын қайтаруды талап ете алады.

Тауарды қандай мерзімде қайтаруға болады?

Тауардың сапасы тиісті болса. Пайдаланылмаған азық-түлік емес тауарларды чек немесе сатып алу фактісінің растамасы болған жағдайда сатып алған сәттен бастап 14 күн ішінде қайтаруға және айырбастауға болады.

Тауарды, егер кемшілігі анықталса, ұзағырақ мерзім ішінде қайтаруға болады. Сатып алушы сапасыз тауарды мына жағдайларда қайтара алады:

  1. Тауардың кепілдік мерзімі болса, сатып алушы сол мерзім аяқталғанға дейін сатушыға жүгінуге құқылы.
  2. Кепілдік мерзімі белгіленбесе, тұтынушы сатып алғаннан кейін екі жыл ішінде сатушыға жүгіне алады.

 

EXITEQ Қазақстан

Өзіңіз алып кету: Астана, Пушкин көшесі, 69.
Келмес бұрын тапсырысты алып кету уақытын келісіңіз.

Дс–Жс: 10.00–20.00
info@exiteq.kz
Көтерме сату бөлімі
Дс–Бс: 8.30–17.30
Жм: 8.30–17.00
info@exiteq.kz